Халықаралық интеграция

Қазақстан Президентінің АҚШ-қа ресми сапары американдық БАҚ көзқарасымен (ШОЛУ)

Қазақстан үшін 2018 жылдың маңызды оқиғалардың бірі - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына ресми сапары және АҚШ Президенті Дональд Трамппен жеке кездесуінен басталды. Осы оқиға жайлы Америкалық БАҚ-тарда не жазылғанын «Strategy2050.kz» АА-ның шолу материалынан оқи аласыз.
Әлемде17 Қаңтар , 19:48

Алдымен, Қазақстан мен АҚШ Президенттерінің кездесуін әлемдегі ең әйгілі CNN телеарнасы тікелей эфирде көрсеткенінен бастайық. (cnn.com)

Шетелдік әріптестеріміз талқыланған негізгі тақырыптардың арасында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығымен Ауғанстандағы ахуалдың реттелуі және ядролық қаруды таратпау саласындағы Қазақстан-АҚШ серіктестігі ерекше талқыланды. Сондай-ақ, Америкалық журналистер келіссөздерден кейін Дональд Трамптың елімізді АҚШ-тың аймақтық қауіпсіздікте маңызды әріптесі ретінде атап өтті және терроризмге қарсы күресте оның көмегі үшін алғысын білдірді.

Ықпалды әрі танымал газеттерінің бірі Нью-Йорк Таймс (nitimes.com) Ақ үйдегі Трамп пен Назарбаев арасындағы алдағы кездесу туралы ғана жазған. Бұл басылымда екі елдің Президенттері аймақтық қауіпсіздік пен экономикалық ынтымақтастық бойынша стратегиялық әріптестікті нығайту және жетілдіру жолдарын талқылайды деп атап өтті.

Өз кезегінде американдық The Wall Street Journal (wsj.com) іскерлік газетінде Президент Дональд Трамптың Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі, сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жоғары бағаланатыны атап өтілді.

Саясат, қауіпсіздік, Азия-Тынық мұхит аймағына бағытталған бизнес жаңалықтарын қамтитын The Diplomat журналы (diplomat.com) екі көшбасшы кездесуін толықтай егжей-тегжейлі атап өтті.

Бұл басылымда екі елдің Президенттері АҚШ пен Қазақстан арасындағы «стратегиялық серіктестік туралы келіссөздер шеңберінде тереңдетілген стратегиялық әріптестік туралы» саяси және қауіпсіздік мәселелеріне, сауда және инвестицияларға және адами қатынастарға қатысты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған «стратегиялық әріптестік туралы» талқылады.

Америка Құрама Штаттарыны астанасының ең ірі Вашингтон Пост басылымы (www.washingtonpost.com) «Трамп пен Қазақстан Президенті Солтүстік Кореяның ядролық қатерін талқылады» деген мақаланы жариялады.

Мақалада Президент Дональд Трамп пен Қазақстан Президенті Солтүстік Кореяға «әлемді ядролық қиратумен қорқытуға» жол бермеу туралы жалпы шешімде біріккенін атап өтті.

Дональд Трамп пен Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесу нәтижелері туралы Voice of America (Америка дауысы) да жазған.

Американдық халықаралық қоғамдық радиокомпания журналистерінің сөзіне қарағанда, екі елдің көшбасшылары экстремизмге және халықаралық терроризмге қарсы күрестегі ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендігін білдірді. Мақаланың авторы Батыс елдерінің Ауғанстанды «емдей алмайтынын» атап өтті. Ал, қазіргі уақытта БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін басқаратын Қазақстан осы елдің қайта құрылуында маңызды рөл атқара алады.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика