Халықаралық интеграция

ҚР мен АҚШ басшыларының кездесуі америкалық инвестициялар үшін маңызды – сарапшы

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың кездесуі, біріншіден, қазақстандық экономикаға америкалық инвестицияның жаңа ағымын қамтамасыз ету жағынан өте маңызды, деп пікірін білдірді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) жетекші сарапшысы Оразғали Селтеев.
Нұр-Сұлтан 17 Қаңтар, 17:49

Сарапшы атап өткендей, АҚШ инвестор-мемлекеттер тізімінде серіктестік жылдары ішінде 50 миллиард доллар көлемімен көш бастап тұр. Алайда, бүгінгі таңда америкалық корпорациялардың біз үшін қажетті бағыттарға қайта бағдарлануы керек. Бұл жерде цифрландыру, экспорттық тауарлардың негізгі үлесін құрайтын экономика саласындағы өндірістік процестерді автоматтандыру туралы айтып отырмыз.

«Бұл тұрғыдан алғанда Мемлекет басшысының АҚШқа сапары біздің модернизациялық бағдарлама мен экономикалық реформалардың негізгі векторларын таныстыру іспетті болды. Сондықтан, алдағы уақытта жоғары тезнологияларды енгізу бойынша жаңа екі жақты жобалардың пайда болуын күтуімізге болады. Бұл ең алдымен, мұнай-газ секторы, мұнай-химия саласы, энергетика, көлік-логистика инфрақұрылымына қатысты», - деді ол.

Оның пайымынша, Қазақстан әрдайым шетел инвесторларына, оның ішінде америкалықтарға да, бизнес жүргізудің ең тиімді шарттарын ұсынған. Қол қойылған келісімдер қазақстан-американдық бизнес серіктестігі алдағы уақытта да қарқынын жоғалтпайтынына кепілдік береді.

Фото: ortcom.kz





Яндекс.Метрика