Өңірлер

Қарағандыда 100 ауланы абаттандыру үшін бюджеттен 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

2018 жылы 100 аула аймағы тәртіпке келтіріледі: оның 50-і Октябрь ауданында және қалғаны Қазыбек би атындағы ауданда.
Қарағанды 18 Қаңтар, 09:43

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың тапсырмасымен облыс орталығындағы аулаларды абаттандыру бойынша бағдарлама дайындалды. 2018 жылы 100 аула аймағы тәртіпке келтіріледі: оның 50-і Октябрь ауданында және қалғаны Қазыбек би атындағы ауданда. Осы бағыттарға қала бюджетінен 2 млрд-тан астам теңге бөлінді, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

Аулаларды абаттандыру тәсілі өзгертілді. Енді балалар мен спорт алаңдарының құрылысы болмайды. Аулаларға асфальт төселіп, қонақтарға арналған тұрақтар жасақталады, жарық орнатылып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады. ъ

Қазыбек би атындағы аудан бойынша 1,2 млрд теңге бөлінді. Бұл сомаға Оңтүстік-Шығыс пен Фёдоровка аумақтарында 20 аула, Михайловкада -12 және Жаңа қалада – 18 аула абаттандырылады. 

Октябрь ауданында көптеген аулалар Майқұдықта – 27, Пришахтинскте -16, Сұрыптауда – 7 аула абаттандырылады. Ол үшін 978 млн.теңге жұмсалады.

«Абаттандыруды қажет ететін аулаларды таңдауда біз тұрғындардың шағымын ескердік. Басты талап КСК немесе басқа заңды үлгідегі басқарудың болуы. Біз көп жылдардан бері ешқандай жөндеулер жасалмаған аулалар таңдалды. Абаттандыру мәселелеріне қатысты тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өтті»,- дейді Октябрь ауданы әкімінің орынбасары Дарын Бұлқайыр.

Есеп бойынша аудан аулаларына 98 мың шаршы метрден астам жерге жаңа асфальт төселеді, ұзындығы 52,5 мың шаршы метр жаяужол жөнделіп, 748 жарық шамдары орнатылады. 

Қазір конкурс өтіп жатыр, оның қорытындысы бойынша мердігерлер анықталатын болады.





Яндекс.Метрика