Адами капитал

Қазақстан халқының саны 1,3%-ға артты

2017 жылы Қазақстан халқының саны 1,3%-ға артты, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Казахстан17 Қаңтар , 19:17

2017 жылғы 1 желтоқсанға еліміздегі халық саны 18 137,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10 413,2 мың (57,4%), ауылдықтар – 7 724,1 мың адамды (42,6%) құрады. 2016 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 231,3 мың адамға немесе 1,3% өсті.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-қарашада туылғандар саны 359,6 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 4,9% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,78 туылғандарды құрады.

Сонымен, 2017 жылғы қаңтар-қарашада республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 16,9 мың адамға немесе 6,6% кеміп, 239,8 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,52 адамды құрады.

Айта кетер болсақ, Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 119,8 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 1,3% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,26 қайтыс болғандарды құрады.

2017 жылғы қаңтар-қарашада республикада 1 жасқа дейінгі 2896 нәресте өлімі тіркелді. 2016 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 10,9% азайды

«Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2017 жылғы қаңтар-қарашада 1455 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 50,2% құрады», - деп атап өтті мамандар.

Туа біткен ауытқулардан 682 немесе 23,5%, тыныс органдары ауруларынан – 177 немесе 6,1% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 156 немесе 5,4% нәресте қайтыс болды. 2017 жылғы қаңтар-қарашада нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,05 құрады.

 

 

 




Яндекс.Метрика