ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Мемлекеттік қызметкерлердің балаларына арналған балабақша оқыту мен дамытуда жаңа тәсілдерді қолданады (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Балабақша мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау шеңберінде орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің балаларына ғана арналған.
Нұр-Сұлтан17 Қаңтар , 13:38

«Бұл Астана қаласында ең үлкен балабақша болып табылады. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілердің балаларына арналған. Балабақша заманауи талаптарға сәйкес келеді. Бұл жерде балаларды оқытудың интерактивті технологиясын пайдалану үшін интерактивті бөлме бар. Біз ең алдымен  балаларымыздың физикалық, психикалық сау, эмоцианалды түрде қалыптасқан және жаңа әлеуметтік кезеңге дайын болғанын қалаймыз», деді «Қарлығаш» кәсіпорынының директоры Гүлнар Абдулина. 

Бұл жобаның ерекшелігі барлық бөлмелердің ойластырылып блоктарға бөлінуінде. Мысалы, азық-түлік аймағы, сондай-ақ медициналық, тренингтік, әкімшілік аймақ және ұйықтау бөлмелері бар.

Г. Абдулина атап өткендей, «Қарлығаш» балабақшаларында балаларды тәрбиелеуге және дамытуға деген көзқарас өзгертілген. Балабақшаға 3-тен 7 жас аралығындағы балалар бара алады.

Қосымша білім ретінде, балалар қалауы бойынша спорттық және шығармашылық секцияларға қатыса алады. Мұнда каратэ, ритмикалық гимнастика, қазіргі заманғы би, робототехника, ағылшын тілін үйретеді.

Жалпы алғанда, ата-аналар қосымша оқытуды есепке ала отырып орташа есеппен айына 22-ден 30 мыңға дейін төлейді. Күніне 5 уақыт тамақтандырылады.

Жаңа балабақшаның медициналық аймағында физикалық кабинет және массаж бөлмесі, ата-аналарға арналған қабылдау бөлмесі бар.

Интерактивті тақталар мен интерактивті құмсалғыштарды, құм мен сумен ойнауға арналған ванналарды пайдалану жоспарлануда.

Еске салсақ, бүгінгі балабақшаның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова қатысты. Бұл мектепке дейінгі мекеме 350 орынға есептелген.

Ақбота Күзекбай

Фото Шыңғыс Қаппаровтікі

 




Яндекс.Метрика