Парламент

Қазақстан Чехиямен байланысты нығайтуға мүдделі

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Чех Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Элишка Жигованы қабылдады.
Астана қаласы 17 Қаңтар, 12:27

Тараптар екіжақты қарым-қатынасты дамытудың өзекті сұрақтарын талқылады.

Н. Нығматулин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың таяуда Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауына айрықша назар аударды.

«Біздің еліміздің әсіресе, инновациялық-технологиялық бағытта әріптестікті нығайтуға деген қызығушылығы зор.  Бұл салада Чехия Республикасының заңнамалық базасы мен тәжірибесі жоғары», - деді Н.Нығматулин.

Биыл екі ел арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толды. Тараптардың пікірінше осы уақыттар ішінде біздің елдеріміз арасында сенімді саяси үнқатысу және барлық салада тиімді ықпалдастық орнады.

Кездесу иелері қос мемлекет ынтымақтастығының стратегиялық сипатына мән беріп, парламентаралық ықпалдастықты одан әрі тереңдету жолдарын жан-жақты талқылады. 





Яндекс.Метрика