Парламент

Қ. Мұстафаева: Өндірісті кеңейту арқылы халықты тұрақты жұмыспен қамту басты мақсат

Қызылорда өңірінде бастауыш партия ұйымдары Жолдауды жүзеге асыру жолдарын талқылады.
Қостанай17 Қаңтар , 16:41

«Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында өткен жиынға аудандық партия филиалына қарасты барлық бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты. Жиынға төрағалық еткен аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева алдымен елімізді саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жаңғыртуға бағытталған Елбасы Жолдауының негізгі 10 бағытына жеке-жеке тоқталып өтті.

«Елбасы биылғы дәстүрлі Жолдауында да әлеуметтік мәселелерді назардан тыс қалдырмады. Яғни, сапалы білім, саналы тәрбие, қолжетімді медицина сонымен қатар өндірісті кеңейту арқылы халықты тұрақты жұмыспен қамту басты мақсат етілген. Сондықтан біз нұротандықтар Елбасының сенімді жасағы ретінде Елбасы Жолдауының маңыздылығын жергілікті тұрғындарға кеңінен насихаттап түсіндіруде алдыңғы шепте болуымыз керек», - деді Қаншагүл Мұстафаева.

Сондай-ақ аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева жаңа жаһандық экономикалық өзгерістерге, өркениеттен қалмай даму үшін, Қазақстанның өндірістік бәсекелестігі дайын болуы керектігін алға тартып, бұл орайда «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды бағдарламасында көзделген міндеттерді жүйелі жүргізу маңызды деп атап өтті.




Яндекс.Метрика