Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

В.Сова: Қазақстанның жаһандық әлемде дамуының басты шарты – индустриалдық сектордың жаңғыруы

Қазақстанның жаһандық әлемде тәуелсіз мемлекет ретінде дамудың басты шарты – индустриалдық сектордың жаңғыруы. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Қостанай қалалық филиалында бастауыш партия ұйымдарының жетекшілерімен өткен кездесуде қалалық маслихаттың депутаты Владимир Сова хабарлады.
Астана қаласы17 Қаңтар , 20:36

Отырыс қатысушылары бұл кездесуде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басты міндеттер мен партияның жаңғыру мәселелерін талқыға салды.

«Қазақстанның жаһандық әлемде тәуелсіз мемлекет ретінде дамудың басты шарты – индустриалдық сектордың жаңғыруы болып табылатыны бәрімізге де мәлім. Елбасы өз Жолдауында осыған ерекше көңіл бөлді. Президенттің айтуынша, әрбір мемлекеттің табысты дамуы жаңа технологиялық өнеркәсіп индустриясының дамуына байланысты. Құжатта тұрғын үй, зауыт, медициналық және басқа әлеуметтік нысандардың құрылысы секілді дамудың басымдықтары нақты белгіленген», – деді қалалық маслихаттың депутаты В.Сова.

Отырыс соңында қатысушылар Қостанай облысының әр қаласы мен ауданы Жолдауды өздерінің аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, жауапкершілікпен іске асыру қажеттігі жөнінде айтып кетті. 




Яндекс.Метрика