Парламент

Қазақстан АҚШ-қа теміржол транзитін ұсынады

ҚР Парламентінің Мәжілісі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы Ауғанстанның тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға АҚШ-тың қатысуына байланысты Қазақстанның аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев хабарлады.
Астана қаласы17 Қаңтар , 11:19

«Осы хаттама нормалары Америка Құрама Штаттарының Ауғанстанға баратын және Ауғанстаннан шығатын арнайы жүктерінің транзит бағытына Ақтау және Құрық порттарын енгізуді көздейді. Хаттама осы арнайы жүктерді Каспий теңізі арқылы өткізуге мүмкіндік береді. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәулен Әшімбаев.

Атап өтсек, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штатына ресми сапары аясында осы елдің іскер топтар өкілдерімен кездесіп, бірқатар коммерциялық келісімдерге қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Палата спикері Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жұмысының негізгі бағыттарын атап көрсетті.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика