ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Астанада заманауи үлгідегі балабақша ашылды

Елорда да Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық орталығында заманауи үлгідегі балабақша ашылды. Ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова мен ҚР Президенті Іс басқармасының басшылығы қатысты.
Нұр-Сұлтан 17 Қаңтар, 11:12

Мектепке дейінгі мекеме 350 орынға есептелген. Мұнда мектепке дейінгі білім беру үшін барлық жағдай жасалған.  Мысалы, балабақшада музықалық зал мен 2 спорт алаңы, хареография залы, бүлдіршіндерді зияткерлік тұрғыда дамыту үшін оқу бөлмелері мен ертеңгіліктерді өткізуге және қойылымдар қоюға  арналған салтанат залы бар. 

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуына арналған бірыңғай стандарттарды енгізу қажеттігі айтылғанын атап өтті. Ол үшін біз саламатты және бақытты балалық шаққа арналған барлық жағдайды жасауымыз керек», -деді Г.Әбдіхалықова.

Ол атап өткнедей, еліміздегі демографиялық ахуал жаман емес.

«Қазақстанда жылына 400 мыңға жуық сәби өмірге келеді. Астанада 20 жыл ішінде туу көрсеткіші 2,5 есе өсті. Өткен жылдың 11 айында елордада 26 мыңнан астам бала дүниеге келді», - деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.  

Ол хабарлағандай, еліміз бойынша өткен жылдың өзінде 849 мектепке дейінгі мекеме ашылды.

«2017 жылы елде 849 балабақша ашылды, оның 82-сі – Астанадағы мектепке дейінгі мекемелер. Біз балаларды 2020 жылға қарай мектепке дейінгі мекемелермен 100 пайыз қамтуымыз керек. 2017 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 90 пайыздан асты», -деді Г.Әбдіхалықова.

Атап өтсек, жаңа балабақшада мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеп-оқыту үшін барлық жағдай жасалған. Педагогикалық құрамы біліктілігі жоғары, шығармашыл педагогтардан тұрады.

Ақбота Күзекбай

Фото: ПІБ баспасөз қызметі





Яндекс.Метрика