Халықаралық интеграция

Қазақстан үшін америкалық компания 300 тіркемелі локомотив жасап шығарады

Америкалық компания «Қазақстан темір жолы» үшін 300 тіркемелі локомотив жасап шығарады.
Әлемде17 Қаңтар , 14:53

Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Дженерал Электрик» (GE) және «Қазақстан теміржолы» (ҚТЖ) компаниялары 3,5 мың жаңа жұмыс орнын қамтитын, құны шамамен 900 миллион АҚШ долларын құрайтын екі жаңа стратегиялық бастама жасасты.

«Дженерал Электрик Транспортейшн» команиясы  «ҚТЖ» үшін 2019 жылдан жеткізіле бастайтын 300 тіркемелі локомотив жасап шығарады.

Сондай-ақ, «Дженерал Электрик Транспортейшн» 2018 жылдан бастап «ҚТЖ» компаниясының қолданысындағы 175 «Дженерал Электрик Эво» локомотивіне қызмет көрсету және қолдау мақсатымен қызметін ұсыну туралы 18-жылдық келісімге қол қойды.

«Келісім Астанадағы ҚТЖ-ның негізгі теміржол желісін кеңейтуге арналған», - деп атап өтілген ресми құжатты.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақ үйге сапары аясында бірқатар коммерциялық келісімдер мен құжаттарға қол қойылды.




Яндекс.Метрика