Парламент

Қазақстан мен Тәжікстан дипнысандарды салу үшін бір біріне жер телімдерін береді

ҚР Парламентінің Мәжілісі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев хабарлады.
Астана қаласы17 Қаңтар , 10:59

«Келісімге сәйкес Қазақстан мен Тәжікстан дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін бір-біріне 1 гектар көлеміндегі жер учаскелерін 49 жылға дейінгі мерзімге символикалық жалдау ақысымен пайдалануға береді. Келісім осы мәселенің құқықтық негіздерін айқындайды. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәулен Әшімбаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жұмысының негізгі бағыттарын атап көрсетті.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика