ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

АҚШ ағылшын тілін үйрету бойынша қазақстандық бағдарламаны ресурстармен қамтамасыз етеді

Ақ үйге Қазақстан Президентінің ресми сапары аясында Құрама Штаттары Қазақстан Үкіметіне үштілді қоғам құру үшін көмектесуге дайын екенін білдірді.
Әлемде17 Қаңтар , 12:54

Ақорданың баспасөз  қызметінен хабарлағандай, Құрама Штаттар Қазақстан Республикасына үштілді қоғам құру үшін көмектесуге дайын екенін білдірді. Құрама Штаттар Қазақстанда ағылшын тіліне қолжетімділікті жақсарту және ағылшын тілі мұғалімдерінің жаңа буынын даярлау мақсатымен даму бағдарламасын ресурстармен қамтамасыз ететін болады. 2017 жылы 2800-ден астам қазақстандық мұғалімдер ағылшын тілінен біліктілігін арттыру жөнінде интернет-семинарларға қатысты.

2018 жылы америкалық мұғалімдер Қазақтан өңірлерінде ағылшын тілін оқытуды жақсартуға көмектесетін болады. 

Айта кетер болсақ, «Ағылшын тіліне қолжетімділік жөніндегі микростипендия» бағдарламасы тұрмысы төмен отбасылардан шыққан жас шәкірттерге мектептен кейінгі сабақтарға қатысуға және жазғы оқу лагерьлерінде білім алуға көмектесті.

Бұдан басқа, Құрама Штаттар қазақстандық 230 журналистің кәсіби біліктілігін жақсартатын «Журналистерге арналған ағылшын тілі» бағдарламасын қаржыландырады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақ үйге сапары аясында бірқатар коммерциялық келісімдер мен құжаттарға қол қойылды.




Яндекс.Метрика