Халықаралық интеграция

Қ.Тоқаев Елбасының АҚШ сапары туралы пікір білдірді

Әлемде 17 Қаңтар, 10:14

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа сапары туралы өзінің твиттерде жарияланған жазбасында

«Президент Н. Назарбаевтың Ақ үйдегі келіссөздері екіжақты ынтымақтастықты дамыту және халықаралық жағдай жөніндегі Қазақстан мен АҚШ көзқарастарының ұқсастығын көрсетті. Трамп Қазақстанды Корей жарты аралын ядролық қарусыздандыру жөніндегі әріптесі екенін айтты. Сапардың тарихи маңызды аса зор!», - деп жазды.

Сондай-ақ жоғарғы Палатаның Төрағасы «Вашингтон Президент Н. Назарбаевты жылы шыраймен қабылдады және Д. Трамп оны «зор құрметке ие көшбасшы» екенін айтты. Өз елінде де, халықаралық қоғамдастықта да еңбек сіңірген Қазақстан көшбасшысына лайықты баға берілді», - деп атап өтті.

 





Яндекс.Метрика