Парламент

Қазақстанда мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізілетін болады

Қазақстанда мемлекеттік органдардың қызметіне ауқымды бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізілетін болады.Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру туралы» заң жобасының таныстырылымында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан16 Қаңтар , 17:02

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет мемлекеттік органдардың қызметін кең ауқымда бақылау-қадағалауды тапсырды. Тексеріс қорытындысынан нәтиже алу мақсатында 114 қолданыстағы саланың 25-ін бақылаудан алу және 18-ден 3 саланы қалдыру анықталды», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, Серік Жұманғариннің айтуынша, заң жобасы аясында уәкілетті органдардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 39 бабына қатысты әкімшілік істерді бастау туралы баптар мен құзыреттер алынып тасталды.


«Бұл өте маңызды реформа мемлекеттің бақылауы мен қадағалауын ұйымдастырумен байланысты. Өздеріңіз білетіндей, біздің бақылау мен қадағалау төрт топқа бөлінеді. Алғашқы топ - бұл арнайы тапсырыс, онда жоспарлы бақылау жүргізіледі. Екінші сала – бизнес үшін ең қолайлы таңдаулы тексерулер, тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүзеге асырылады. Үшінші - жоспарланбаған бақылау, ол өтінім мен шағымдар бойынша жүзеге асырылады. Төртіншіден, бақылаудың өзге түрі»,- деп нақтылады ол.

Ұлттық экономиканың вице-министрі атап өткендей, елде бақылау жүйесі толығымен өзгертілуі тиіс.

«Біз кездейсоқ тексерулерді алып тастап, оларды бақылау мен қадағалаудың басқа түрлерімен біріктіріп, алдын-алуды бақылау ұғымын енгіземіз. Енді тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген аудиторлар профилактикалық бақылау нысанын қолданады. Бақылаудың нәтижесі бойынша тексеру жұмысы барысында туындаған сұрақтарды, кемшіліктерді жою керек,», - деді С.Жумангарин.

Сонымен қатар, баяндамашы хабарлағандай, бизнес-тексерулерді жүргізу мерзімдері қысқарады.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика