"Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы

Үздік елордалық дәрігерлер аймақтардан келген есту қабілеті нашар 60-қа жуық баланы тексереді

«UMC» корпоративтік қоры Республикалық диагностикалық орталығында есту қабілетінің дерті бар балалар медициналық тексеруден өткізіліп жатыр. Шара аясында еліміздің барлық өңірлерінен келген балаларды Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының, Астана қалалық №2 балалар ауруханасының үздік дәрігерлері дертінің ауырлығы және алдағы шеберлік сабақтарында жасалуы тиіс операциялар бойынша бірнеше топқа бөледі. Екі күн ішінде 60-тан астам бала тексеруден өткізіледі.
Нұр-Сұлтан 16 Қаңтар, 19:43

Атап өтер болсақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырып жатқан «Қазақстан Республикасында балалар оториноларингологиялық қызметін жетілдіру жөніндегі жол картасында» есту қабілетінде және құлағының дамуында патология бар балаларға жоғары технологиялық медициналық қызметтерді енгізе отырып, кешенді шаралар қабылдау қарастырылған.     

Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде сыртқы есту жолының атрезиясы және/немесе микротия диагнозымен диспансерлік есепте тұрған балаларға скринингтік тексеру жүргізілуде. Мақсат – хирургиялық емдеу және әрі қарайғы ем-дом амалдарын анықтау үшін іріктеу. Осыған орай күрделілігі мен түріне қарай отохирургиялық операциялар жасауға балаларды іріктеу үшін нақты өлшемдерді анықтайтын халықаралық сыныптамасы қабылданды.     

2018 жылғы 1 жарты жылдықта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның жетекші дәрігерлерін жоғары технологиялық реконструктивтік отохирургиялық операциялар жасауды үйрену үшін халықаралық клиникаларға жіберуді жоспарлап отыр.  

Сондай-ақ, 200 маманды есту қабілетінде және құлағының дамуында патологиясы бар, көмейдің және кеңірдектің тарылуы сияқты дерті бар балаларға медициналық-психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетуге оқыту қарастырылған.  





Яндекс.Метрика