Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

Алдыңғы қатарлы білім беру жүйесін құру маңызды – ШҚО белсенділері

Шығыс Қазақстан Демократиялық Коалициясының мүшелері Президенттің Жолдауын бірауыздан қолдайды.
Шығыс Қазақстан 17 Қаңтар, 16:13

Өскеменде «Қазақстан-2050» демократиялық күштерінің Шығыс Қазақстандық коалициясының отырысы өтті, онда Мемлекет басшысының Жолдауын қолдау мақсатында депутаттар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, еліміздің саяси партияларының аймақтық филиалдарының басшылары сөйледі, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Қазақстан дамуының басты бағыты - саланы цифрландыру, агроөнеркәсіптік кешен, көлік-логистикалық инфрақұрылым, тұрғын үй құрылысына және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

«Елбасының Жолдауында айтылған барлық тапсырмалар Қазақстанның әлемдегі дамыған елдерінің бірі болу үшін қажет», - деді «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов.

Сонымен қатар, ол елдің дамуында озық білім беру жүйесін құру, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасының артуы маңызды рөл атқаратын атап өтті.

«Нарықтық реформаларды дамытуға және отандық кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мақсаттарды жүзеге асыру басымдықта болу керек. Сонымен қатар, осы Жолдауда Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл» технологияларға бизнес-инвестицияларды ынталандыруға шақырды», - деді «Ақ жол» Демократиялық партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бүркітбай Сұлтанов.





Яндекс.Метрика