Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатыранан 1 млн 200 мың адам шығарылады – М.Әбенов

Шағын және микро кәсіпорындарда жұмыс істеп жатқан 1 млн 200 мың адам көлеңкеден шығарылып, тіркелетін болады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциянда «Атамекен» ҰКП Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновация комитетінің төрағасы Мұрат Әбенов хабарлады.
Нұр-Сұлтан16 Қаңтар , 12:25

«Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны артты деген сын айтылды. Оның нормативтік тұрғыда өзіндік себебі бар. Шыған және орта бизнестің жеңілдетілген тіркеуі бар, сондықтанда онда жұмыс істейтіндер тіркелмеді. Бұл заңнамада нақтыланып көрсетілмегендіктен осылай болып келді. Осы ретте, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігі заңнамаға өзгертулер енгізуде. Бұл бағыттағы жұмыстар өткен жылдың күзінде басталып кетті. Нәтижесінде, шағын және микро кәсіпорындарда жұмыс істеп жатқан 1 млн 200 мың адам көлеңкеден шығарылып, тіркелетін болады. Бұл жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік тұрғыда заңнамамен қорғауға мүмкіндік береді. Жалпы, бізде 2 млн астам адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарында екені анықталды», - деді  Мұрат Әбенов.

Сонымен, бірінші кезекте заңнамаға жұмысшыны жеңілдетілген тіркеу нормасы енгізіледі, екіншіден халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.  Осылайша бизнес пен халықтың мүддесі бірдей ескеріліп, қорғалады.

М.Әбенов баса айтып кеткендей, елімізде жұмыссыздық белең алып кетпеуі үшін халықты кәсіпкерлікке баулу керек.

«Жолдауда көрсетілген өнеркәсіпті цифрландыру, автоматтандыру бірқатар ел азаматтарының жұмыссыз қалып қалуына алып келуі мүмкін. Осы ретте, жалғыз мүмкіндігіміз бизнесті дамыту. ҰКП өткен жылдан бастап «Бизнес бастау» жобасын жүзеге асыруда.  Ол  шалғайда тұратын қазақ тілді аудиторияны кәсіпкерлікке тартуға бағытталған. Айта кетер болсақ, алғашқы нәтиже жаман емес. ҰКП мамандары ауыл тұрғындарын өз ісін ашудан бастап оны қалай жүргізуге, қандай технологияларды пайдалануға және қалай жұмысқа алуға үйретті.  Өткен жылы аталмыш жоба аясында 30 мыңнан астам адам оқытылды», - деді М.Әбенов.

Спикердің айтуынша, кәсіпкерлікті мектептен бастап оқыту керек.

«ҰКП 2019 жылдан бастап кәсіпкерлікті мектепте оқытуды ұсынды. Себебі, біз еңбек нарығына жоғарғы оқу орындарының түлектерін шығарамыз, алайда оларға сұраныс жоқ. Статистикаға сүйенетін болсақ 1,5 млн адамның дипломы бар болса да мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Менің ойымша нәтижелі жұмыспен қамту саласында осы бағыттарға басымдылық беріледі», - деп түйіндеді М.Әбенов.   

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Атамекен» ҚР ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов  «Бизнес бастау» жобасының алғашқы қорытындыларымен бөліскен болатын.

Мөлдір Асқарқызы




Яндекс.Метрика