Үкімет

Жекешелендіру кешенді жоспары 71%-ға орындалды - Б.Сұлтанов

Бүгінде 2016–2020 жылдарға арналған жекешелендіру кешенді жоспары 904 нысанды қамтып отыр. Жалпы, Жекешелендіру кешенді жоспары 71%-ға орындалды. Бұл туралы ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында хабарлады.
Астана қаласы16 Қаңтар , 12:31

«Бүгінде 2016–2020 жылдарға арналған жекешелендіру кешенді жоспары 904 нысанды қамтып отыр.  Бұл тізімге қайта құрылатын және қайта тіркеуден өтетін 28 республикалық меншік нысаны енгізілген жоқ. Олар - апаттар медицинасы және теміржол госпитальдары. Бірақ Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, аталған акционерлік қоғамдар қайта құрылуға жатады. Сонымен, екі жылдың ішінде кешенді жоспарға кіретін 476 кәсіпорын сауда-саттыққа шығарылып, 367-сі сатылды. Одан түскен қаржының көлемі 164 млрд теңгені құрады. Бұдан басқа, 255 нысан қайта ұйымдастыру және тарату сатысында тұр. Жалпы, Жекешелендіру кешенді жоспарын орындау  71% құрады», - деп хабарлады Бақыт Сұлтанов.

Ол атап өткендей, 2017 жылы 463 нысанды сату көзделген. Жоспар 97%-ға орындалды, 289 нысан саудаға шығарылып, 190 — сатылды,  162 — жойылды және қайта құрылды, 12 нысанның сатылымы 2018 жылға қалдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында жекешелендіру процестерін жылдамдатуды тапсырды.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика