Халықаралық интеграция

Цифрлық технологиялар Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағытына айналады

Цифрлық технологиялар Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағытына айналады. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың фин парламентарийлерімен – Финляндия Парламентінің депутаты Вилле Скиннари басшылық етіп отырған «Қазақстан-Финляндия» парламентаралық достық тобының мүшелерімен кездесуінде белгілі болды.
Әлемде 16 Қаңтар, 14:53

ҚР СІМ хабарлағандай, қазақ-фин қарым-қатынасының белсенді дамып келе жатқанын атап өткен Р. Василенко, сауда экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан – Финляндия парламентаралық  комиссияның жұмысына жоғары баға берді.

Сонымен,  2017 жылы Хельсинки қаласында Қазақ – Фин жасыл технологиялар орталығы таныстырылды. Бұдан басқа, контейнерлік теміржол бағыты Коувола (Финляндия) - Бусловская (Ресей) – Алтынкөл (Қазақстан) - Сиянь (Қытай) іске қосылды. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезеңінде «Финнэйр» әуекомпаниясы Хельсинкиден – Астанаға тікелей рейстар орындады.

Ал, Астанаға ресми сапары аясында фин делегациясы Қазақстан Парламентінің спикерлері Қ.Тоқаевпен және Н.Нығматулинмен, сонымен қатар, Финляндиямен парламентаралық достық тобының жетекшісі Қ.Сұлтановпен кездесті. 





Яндекс.Метрика