Үкімет

АХҚО IPO өткізетін болады

Астана халықаралық қаржы орталығы 2018 жылы IPO өткізуге дайындалуда. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет сағатында хабарлады.
Нұр-Сұлтан 16 Қаңтар, 11:02

Т.Сүлейменов хабарлағандай, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру үшін жалпыұлттық шаралар жоспары қарауға ұсынылды. Онда негізгі он міндет бойынша 87 шара қарастырылған. Онда қаржы секторын «қайта жаңғырту» міндеті аясында 8 шара көзделген, олар Ұлттық банктың қаржы секторын сауықтыру бағдарламасы аясында іске асырылады.

«Шаралар бизнесті ұзақмерзімді несилендіруге, «Жеке тұлғалардың төлем қабілетін қалпына келтіру және ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгертулер енгізу туралы» ҚР заңы жобасын жасақтауға бағытталған. Сонымен қатар, АХҚО-ның  2018 жылы IPO  өткізуі үшін алаңы жасақталады және 2018 жылы Самұрық-Қазына қорының бірқатар  компанияларының ағымдағы жылы  IPO-ға шығарылуын қамтамасыз етіледі», -  деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, IPO (ағылш. Initial Public Offering, көпшілікке бастапқы ұсыну) – қандай да бір компанияның акцияларын сату үшін көпшілікке бастапқы ұсынуы. Бұл ретте «бастапқы» сөзі компанияның өз акцияларын биржаға бірінші рет шығаратынын білдіреді.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика