Өңірлер

2017 жылы Астанада мемлекеттік бағдарламалар аясында 1062 пәтер салынды.

2017 жылы Астанада 1062 пәтерге арналған 7 тұрғын үй кешені салынды. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша кездесу барысында белгілі болды.
Астана қаласы 16 Қаңтар, 13:32

Негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторлардың барлығында өсімнің оң қарқыны байқалады, деп хабарлайды Астана әкімдігі.

Уақытында атқарылған жұмыстардың арқасында құрылыс көлемі ұлғаюының (100,8% ) оң өсімін сақтауға мүмкіндік берді. 

Жыл басынан баспананың 2 360 мың шаршы метрі пайдалануға берілді. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар аясында  7 тұрғын үй кешені (1062 пәтер) бой көтерді.

Елордада ШОБ-тің 12,7 мың субъектісі тіркелді. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% артық көрсеткіш.

Еңбек нарығында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Олардың 15 мыңнан жуығы ШОБ саласындағы жұмыс орындары.

Әлеуметтік сала нысандарының желілерін кеңейту мақсатында 5 мектептің жанынан 2600 орынға лайықталған қосымша ғимараттар салынып, пайдалануға берілді.  480 орынға арналған 2 бала бақша ашылды. Жалпы және кәсіби білім беретін оқу орталығы ғимаратының жанында, ММ-нің жанында 100 орынға арналған «Психоневрологиялық медициналы-әлеуметтік мекеме» пайда болғандығы мәлім болды отырыс барысында.

Инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша құрылыс-монтаждық жұмыстардың барлығы, «Талдыкөл» ақаба суларды жинақтағышын жою жобасының аясындағы технологиялық жабдықтың монтажы аяқталып, өнімділігі тәулігіне 200 мың куб метрді құрайтын бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған насосты-фильтрлік станция қайта жөндеуден өтті.

Нөсер канализациясын дамыту аясында № 27 көшедегі нөсер канализациясының тазарту ғимараттарының 3 кешені іске қосылды. Мұнымен қоса, Есіл өзеніне дейінгі, Рысқұлов көшесінен  №31 көшеге дейінгі аралықта жатқан нөсер канализациясының су тастайтын коллекторларының құрылысы аяқталды.

Құрылыс есебінен жылу желілерінің 50 шақырымы мен электр желілерінің 25 шақырымы, «Тұран», «Жаңа жол», «Бәйтерек» шағын станциялары, ЖЭО-1 және ЖЭО-2 жөндеуден өтті.

Қалада 177 аула абаттандырылып, балаларға арналған 1272 ойын түрлері орнатылды. 21 спорт алаңы ұйымдастырылып, ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша көппәтерлі 9 үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Астана қаласы бойынша мұндай нәтижелерге қол жеткізуге индустрияландыру, құрылыс, шағын және орта бизнес бағдарламаларын жүзеге асыру өз септігін тигізді. 

Фотосурет: мұрағат





Яндекс.Метрика