Өңірлер

Солтүстік Қазақстан облысының машина жасау саласында өндiрiс көлемi 1,5 есеге өсті

СҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысында 2017 жылғы барлық бағыттар бойынша оң өзгерiстер байқалады.
Солтүстік Қазақстан 16 Қаңтар, 11:49

Облыстық әкiмдiктiң отырысында СҚО-ның 2017 жылдағы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

«Барлық бағыттар бойынша бiзде оң өзгерiстер байқалады. Дегенмен, бiз көрсеткiштердi республикалық деңгеймен салыстыруымыз қажет. Даму ырғағы өте маңызды», — дедi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.

Өнеркәсiп бойынша республикалық өсiм 107,1%, облыстыкы 104,5% құрады. Машина жасау саласында өндiрiс көлемi 1,5 есеге өсiп, 42 миллиард теңгенi құрады. Өңiрдегi оң өзгерiстерге қарамастан, бұл жеткiлiксiз дейдi өңiр басшысы. 

Индустрияландыру картасына бүкiл аудандар өз үлестерiн қосу қажет. Аймақ басшысы бұл ауқымды жұмыс екенiн айтып, әсiресе инвесторларды iздеуге көп күш жұмсау керектiгiн ескерттi.

Ауыл шаруашылығы саласында өсiм 102,3 % құрады. Агросекторда ауқымды жұмыс атқарылды, әсiресе әртараптандыру саласында. Өңiр басшысы агроөнеркәсiптi одан әрi дамытудың зор мүмкiндiктерi бар екенiн тiлге тиек еттi.

Инвестиция тарту бойынша республикалық орта көрсеткiш 105,5%, облыстыкы 111,5% құрап отыр. Құмар Ақсақалов инвестиция өсiмi бюджеттiк ақшаның есебiнен емес, жеке салымдардың есебiнен болу керектiгiн баса айтты.

Құрылыс саласында ел көрсеткiшi 101,9%, ал өңiрдiкi 104,5%. Облыс тұрғын үй құрылысы бойынша жоспарды орындап, 200 мың шаршы метр баспана тұрғызды. Биылғы меже 229 мың шаршы метр.

2017 жылы облыста 30714 адам жұмысқа орналасты, өткен жылмен салыстырғанда 7428 адамға көп. 13392 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылды. Осының арқасында өз-өзiн қамтамасыз етiп отырған азаматтардың саны 10 мыңға азайып, 88 мыңды құрады. Бұл бағытта жұмыс одан әрi жалғасады.

Отырыста көшi-қон мәселесi де талқыға түстi. Негiзiнен, халық басқа өңiрлерге жалақысы жоғары жұмыс iздеп кетедi. 2018 жылы еңбекақыны көтеру бойынша жұмыс одан әрi күшейтiледi. Басқа өңiрлерден адамдарды тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыс берушiлермен жұмыс жасау арқылы тиiстi көрсеткiштерге қол жеткiзуге болады дедi өңiр басшысы.

Облыс әкiмi орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкiмдерiне 15 ақпанға дейiн Елбасы жолдауын жүзеге асыру үшiн жол картасын әзiрлеудi тапсырды.

Фотосурет: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 





Яндекс.Метрика