Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

ҚХА: Жолдаудың мақсаты - экономикалық өсудің жаңа моделін құру

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған Бірыңғай республикалық күн өткізді.
Казахстан16 Қаңтар , 16:49

Елдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерінің негізінде азаматтық бейбітшілік, этносаралық және конфессияаралық келісім жатыр, ол біздің басты құндылығымыз болып қала береді. Қазақстан халқы Ассамблеясы тұрақты халықаралық әлемді сақтау және нығайту үшін жұмысын жалғастыруы тиіс.

Сондықтан бүкіл ел бойынша Достастық үйлері базасында Ассамблея кеңестерінің, ғылыми-сараптамалық топтардың, конференциялардың, дөңгелек үстелдердің, қоғамдық келісім кеңестерінің, ақсақалдардың, аналардың, ҚХА жастар қанаттарын, сарапшылармен кездесулердің және т.б. кездесулер форматында өтті. Бұл іс-шаралар ірі қалаларда ғана емес, облыс орталықтарында, кәсіпорындар мен университеттерде де өткізілді.

Алғашқы іс-шаралардың бірі Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Әбілфас Хамедовтың қатысуымен дөңгелек үстел болды. Барлық баяндамашылар мен талқылауға қатысқандар, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауда қойылған міндеттер - әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсудің жаңа моделін құру екендігін атап өтті.

Сонымен бірге Ақтөбе қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Вишняк Сергей Викторович пен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғылыми-сараптама тобының мүшелері, қоғамдық келісім және аналар кеңесі, 19 этномәдени бірлестіктің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізді.

«Бұл тұрақтылықтың бағыты, басты мақсат өзгермеген,ол мүмкіндіктерді іске асыру, оған жету жолдарын, орындалу әдістерін айқыдайды, осыған байланысты жүйе қалыптапсып дамып жатыр»,  - деді Сергей Вишняк.

Іс-шаралар Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және басқа өңірлерде де өтті. Ауылдық жерлерде және облыстық маңызы бар қалаларда жергілікті өзін-өзі басқарудың тәуелсіз бюджетін және муниципалдық меншікті енгізу сияқты халықтың өзекті мәселелерін шешу жолдары талқыланды. ҚХА үшін ауылдық округтер мен ауылдар деңгейінде құрылған Қоғамдық келісімнің кеңесі жергілікті проблемаларды шешуде жаңа мүмкіндіктерге ие болуы өте маңызды.

«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы - экономиканы, саясатты және қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ауқымды жоба. Сондықтан да студенттер көшбасшының кең ауқымды міндеттері жаңа көкжиектер ашып, елімізді сапалы дамудың жоғары деңгейіне апаратындығын сеніммен айта бастады», - деп түсіндірді пікірталасқа қатысушылар.

Айта кетейік, Жолдауды талқылауға арналған Бірыңғай республикалық күн шеңберінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 147 іс-шарасына 7 300-ден астам адам қатысты.




Яндекс.Метрика