Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Ақмола облысында жемқорлық құқық бұзушылық 2 есе төмендеді

2017 жылы 85 жемқорлық құқық бұзушылық тіркелді, ал 2016 жылы сәйкесінше кезеңде 160 жағдай тіркелген.
Ақмола 16 Қаңтар, 10:16

Ақмола облысында жемқорлық құқық бұзушылық саны азайды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалында өткен брифингте хабарлады. Мәліметтерге сәйкес  2017 жылы  85 жемқорлық құқық бұзушылық тіркелді, ал 2016 жылы сәйкесінше кезеңде 160 жағдай тіркелген болатын.

«Мемлекет басшысы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында негізгі он міндетті атап көрсетті. Президент онда жемқорлықпен күреске және заң үстемдігіне, азаматтардың шағымын сапалы қарастыру сынды мәселелерге басымдық берген», - деді Беспалинов. 

Сонымен, 2017  жылы өңірдің аумағында орын алған жемқорлық құқық бұзушылықтардың 89 сотқа жіберілді, 4 іс негізсіз болғандықтан тоқтатылды және тағы 5 іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары тоқтатылды.

Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың 17 әкімдіктің және оның құрылымдық бөлімдерінің мамандары, 11 – ішкі істер органдарының, 1 – Мемлекеттік кірістер комитетінің, 3 – Қылмыстық атқарушы жүйесі комитетінің және тағы 19  өзгеде мемлекеттік ведомстволардың қызметкерлері.

2017 жылдың ішінде 46 тұлғаға қатысты айыптау үкімі шығарылды. Оның ішінде 11 жемқорлық бойынша, айыпталушыларға 31 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, жеке мүлкі тәркіленді және өмірбойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеулеріне тыйым салынды.

Фото: Ақмола облысының ӨКҚ 





Яндекс.Метрика