Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

Кәсіпорындардың жаңа технологияларды қолдануға қызығушылығын арттыру керек - Азат Перуашев

Президент халыққа Жолдауында бизнестің жаңа технологияларды пайдалануға қызығушылығын арттыру үшін арнайы құралдар жасақтауды тапсырды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев хабарлады.
Нұр-Сұлтан 15 Қаңтар, 17:54

«Осы жылға арналған халыққа Жолдауда Мемлекет басшысы маңызды бірқатар міндеттерді атап көрсетті.  Кейбір бағыттар Жолдаудан Жолдауға көшіп келеді деуге болады. Бұл дұрыс, Жолдауда көрсетілген басымдықтар кездейсоқтық емес, олар шын мәнінде стратегиялық тұрғыда өте маңызды», - деді депутат Азат Перуашев.  

Ол атап өткендей, Мемлекет басшысы Жолдауда бірқатар жағдайларды атап көрсетті. Мәжіліс депутатының айтуынша, кәсіпорындарды цифрландыруға басымдық берді.

«Индустрияландырудың үшінші бес жылдығы туралы айтатын болсақ осы жолы Президент инновациялық индустрияландыруға басымдық берді және де цифрлық технологияларды дамытуға және шынайы жағдайда өндіріске жаңа технологияларды енгізуге тапсырма берді», - деп атап өтті А. Перуашев. 

Сонымен қатар, депутат бүгінгі жағдайда экономиканың нақты секторы кәсіпорындарға жаңа технологияларды қолдануға қызықтыру керек, деп толықтырды.

«Мен өте көп зерттемелері бар ғалымдар мен инженерлер қай есікті қағарын білмей жүргенін білемін. Олардың зерттемелері, жаңа әдістері бар, алайда олар бизнесте белсенді қолданылмайды. Бұдан басқа, жасыл технологияларды енгізу де өте маңызды – бұл біздің қазақстандық өнімнің экологиялық таза және Қазақстанның ұлттық брендіне айналуына көмектеседі», - деп түйіндеді депутат.

Ақбота Күзекбай

Фото: Kapital.kz





Яндекс.Метрика