Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Мәжілістің жалпы отырысында күн тәртібі нақтыланды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 15 Қаңтар, 16:44

 Депутаттар осы күні Қазақстан мен Әзербайжан Республикаларының Үкіметтері арасындағы табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы екі ел арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы Заң жобасы қаралды.

« Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Солтүстік және Орталық Азия үшін Субөңірлік бөлімшеге арналған әкімшілік және қаржылық рәсімдерге қатысты келісімді ратификациялау туралы Заң жобасы да талқыланды», - делінген хабарламада.  

Бюро отырысында Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс және Қауіпсіздік Кеңесі, Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңдардың жобалары ілеспе түзетулерімен, кейбір заңнамалық актілерге діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері мен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобаларын жұмысқа алу мәселесі қаралды.

 Сонымен қатар, осы күні Табиғи монополиялар туралы және мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасын жұмысқа алу мақұлданды.

Сондай-ақ, жұмысқа қабылданатын құжаттар қатарында ТМД мемлекетінің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы, Қазақстан мен Тәжікстан Үкіметтері арасындағы Дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді, Қазақстан мен АҚШ Үкіметтері арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға АҚШ-тың қатысуына байланысты Қазақстан аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы және Қазақстан мен Беларусь елдері Үкіметтері арасындағы Табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы екі ел арасындағы келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаларды ратификациялау туралы және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларға қатысты өзіндік ерекшелікті субсидияларды Еуразиялық экономикалық комиссиямен ерікті келісу және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзіндік ерекшелікті субсидияларды беруіне байланысты талқылауларды Еуразиялық экономикалық комиссияның жүргізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы Заң жобалары бар.
 





Яндекс.Метрика