Халықаралық интеграция

Вашингтондағы кездесу аса маңызды - сарапшы

Эксклюзив
Америка Құрама Штаттары үшін Қазақстан қазір көп жағдайда, ең алдымен, Орталық Азияның көшбасшысы ретінде қызықты. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында «Қазақстанның Интернет Ассоциациясы» ЗТБ президенті Шавкат Сабиров айтты.
Астана қаласы15 Қаңтар , 17:21

«Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қатысуы, біздің сыртқы саясатымызда және тұтастай алғанда, Қазақстанның халықаралық аренадағы бастамаларында алға жылжу болып табылады», - деді Шавкат Сабиров.

Оның айтуынша, Қазақстан өзінің мол тәжірибесінің және түрлі бастамаларының арқасында халықаралық деңгейге жетті және біздің аймақ үшін ғана емес, бүкіл әлемде алатын орны ерекше.

«Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері үшін, біздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығымыз стандартты жұмыс болып табылады. Төрағалық ротация қағидасы бойынша өз міндеттерімен, өкілеттіктерімен және т.б. орындалады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмыс тоқтаусыз режимде, күніне 2 отырыстан өтеді, олардың әрқайсысы еліміздің позициясын айтуға тиіс. Яғни, іс жүзінде біздің қызметкерлеріміз үшін өте үлкен жұмыс. Енді, қаңтар айында, Қазақстан төрағалығын белсенді түрде атқара бастады. Біздің бірқатар нақты бастамаларымыз бар, оларды Президент Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына қатысу кезінде хабарлайтын болады», - деді Шавкат Сабиров.

Ол сондай-ақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесуіне де тоқталды.

«Бұл бірінші ресми кездесу. Мұнда Вашингтондағы кездесулер, талқылаулар, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы үшін Мемлекет басшысының Нью-Йоркке 2-3 күндік сапары қарастырылған. Менің ойымша, Америка Құрама Штаттары үшін Қазақстан қазір көп жағдайда, ең алдымен, Орталық Азияның көшбасшысы ретінде қызықты. Екінші өте маңызды мәселе бүгінгі таңда Ауған проблемасы тығырыққа тірелді. Қандай қадамдар жасалатыны белгісіз, өйткені тіпті ауғандардың өздері де осы тосқауылдан шығу үшін ерекше шаралар қабылдау керек екенін мойындайды. Қазақстан Ауғанстанмен жұмыс істеу бойынша бірқатар ұсыныстар бар, сондықтан, менің ойымша, Орталық Азияда Қазақстан Ауған мәселесін ретке келтіретін немесе делдал ретінде әрекет ете алады», - деп қорытындылады сарапшы.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика