Парламент

Депутат: Құқықтық жүйені дамыту үшін әлемдік тәжірибені меңгеру керек

Президент Жолдауындағы заң үстемдігін қамтамасыз ету туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолова Strategy2050.kz АА тілшісіне сұхбат берді.
Нұр-Сұлтан15 Қаңтар , 16:49

«Президент Жолдауында заң үстемдігі туралы айтылды.  Тәжірибелерді зерттеп, біздің сот сараптамалық жүйесі әлемдік деңгейге сай болуы керек. Бұл кадрларды дайындау, материалдық-техникалық базаны жақсарту,  тәжірибе алмасу», - деді Зәуреш Аманжолова.

Оның айтуынша, осы салада ведомствоаралық жұмыс жүргізу қажет, оның ішінде денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік даму министрлігі мен  дін және азаматтық қорғаныс  министрлігі.

«Президент өз Жоспарында  цифрландыруды ерекше атап өтті. Құқықтық жүйеде  цифрландыру ғана емес,  интеграция да қажет. Ведомствоаралық байланыс болуы керек», - деді ол.

Ақбота  Күзекбай




Яндекс.Метрика