Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

Мемлекеттің келешектегі дамуын көздейтін саясаттың нәтижесі көріне бастады – сарапшы

Мемлекеттің келешектегі дамуын көздейтін саясаттың нәтижесі көріне бастады. Соның бірі – жаңа технологияға негізделген «АтырауМұнайМаш» ЖШС-нің өндірісі, деді «АтырауМұнайМаш» ЖШС бас директорының орынбасары Мақсот Ишаев.
Нұр-Сұлтан15 Қаңтар , 19:53

««АтырауМұнайМаш»-тың мұнай-газ кешені құрал-жабдығын және қосалқы бөлшектерін шығару мен оларға қызмет көрсетуде бай тәжірибесі бар. Қазіргі заманғы технологияларды да толық игерген. Өндіріс орны «Теңізшевройл» ЖШС-нің тапсырысын уақытында, әрі сапалы орындады. Енді Қарашығанақ Петролеум компаниясына қажетті бұйымдарды жасап шығаруда. Өнімнің сапалы дайындалуына баса назар аударылып отыр», - Мақсот Ишаев.

Ол айтып өткендей,  осы мақсатта республика көлемінде бұрын-соңды болмаған жұмыстың озық тәсілдері қолданылуда.

««Дәнекерлеу автоматты түрде жүреді. Оның құрастырылуын, сырлануын шетелдік компания мамандары күнделікті тексеріп, қатаң қадағалайды. Бүгінде серіктестік жалпы құны бірнеше миллиард теңгені құрайтын 14 келісімді орындауға күш салуда», - деді ол.

 Айта кетейін, «АтырауМұнайМаш» серіктестігі бұдан бұрын «Үздік индустриялық жоба» арнайы сыйлығын еншілеген болатын. Бұл – біз үшін үлкен абырой. Сондықтан, сол сенімнің биігінен көрінуге бел байладық.




Яндекс.Метрика