Үкімет

Оқушыларға берілетін үй тапсырмасының көлемі азаяды

Қазақстандық оқушылардың үй тапсырмасының көлемі азаяды, деп мәлімдеді Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова ҚР Үкіметіндегі Мемлекет басшысы «Адам капиталы - жаңғырту негізі» атты Жолдаудың жетінші бағыты бойынша білім беруді ырықтандыру туралы баспасөз мәслихатында.
Нұр-Сұлтан15 Қаңтар , 13:41

«Өткен жылы ҚР Білім және ғылым минстрлігінде «Үй тапсырмаларын реттеу туралы » бұйрық қабылданған. Бүгінгі күні балаларға арналған үй тапсырмасы үштен бірге қысқартылды, бұл құжат ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап нормативтік деңгейде жұмыс жасайды », - деді Асылова.

Вице-министрдің айтуынша, Министрлік тұтастай алғанда оқушыларға түскен жүктемені азайту үшін жүйелі түрде жұмыс жасайды.

«Біз қазір оқушыға түскен жүктемені азайту үшін жұмыс жасаймыз. Санитарлық талаптарға оқу бағдарламасының 5 жұмыс күніне сай келу нормалары енгізілді. Білім беру мекемелерінің арасында бұл  нормалар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен нақты көрсетілген. Бүгінгі күні үйге берілген тапсырманың оқу жүктемесі 150 минуттан аспауы керек, бұл да біздің бұйрығымызда көрсетілген », - деп түйіндеді вице-министр.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика