Парламент

Әділет министрлігі Сот сараптамасының барлық түрін тарифтеуді жоспарлауда

Дүниежүзілік банк жобасының көмегімен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі сот сараптамасының әрбір түрін тарифтеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде ведомства басшысы Марат Бекетаев мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан15 Қаңтар , 12:37

Марат Бекетаев 2017 жылы Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, сараптама жүргізу тәртібін реттейтін бірлескен бұйрыққа қол қойғанын еске салды, және бұл өз нәтижесін берді.

«Мұндай тексерістерден кейін ішкі істер органдары тағайындаған сараптамалардың саны азайды. Болашақта біз не істейміз? Мемлекеттік мекемелерден мемлекеттік кәсіпорындарға қайта құру қосымша нәтиже берді, енді біздің сот сарапшылар, басшылар, ең алдымен, ақшаны дұрыс санауға деген қызығушылықтарын танытуында», - деді министр.

Оның айтуынша, бұрын мемлекеттік мекемелер тікелей бюджеттік қаржыландыруда болған.

«Ай сайын сот сараптамасының орталығы Әділет министрлігіне есепшот жібереді. Біз оны тексеріп, төлейміз. Мысалы, Оралда немесе Ақтауда қанша жарлық пен қанша мәселе болғанын Астанадан тексеру жүргізу өте қиын. Біз өзіміздегі ішкі бұйрықпен, актті әрбір облыстағы әділет департаменттерінің басшылары қабылдайды деп шештік», - дейді Бекетаев.

Осыған байланысты, министрлік осы жылғы ведомства жұмысы туралы жоспарларымен бөлісті.

«Біз дүниежүзілік банк жобасының көмегімен, шетелдік кеңесшілердің көмегімен әдіс-тәсілдерді және сараптаманың барлық түрін тарифтеуді қалаймыз. Әрбір акт бойынша біз Ішкі істер департаментіне, прокуратураға және құқық қорғау органдарына талдау жасап, жібереміз. Әрине, бірінші кезеңде бұл талдаудың ұсыныс сипатында болады. Болашақта бұл процесті реттеу туралы өтінішпен Парламентке келуіміз мүмкін », - деді Әділет министрлігінің басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, үкіметтік сағатта Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев сот-сараптамалық қызметтерді жүйелі түрде тәртіпке келтіру және төлеу туралы баяндады.

 Ақбота Күзекбай

 




Яндекс.Метрика