Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

Қазақстандық мұғалімдердің жалақысы кесте бойынша көбейеді

2018 жылдың қаңтарынан бастап 1,2,5,7 сынып мұғалімдерінің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы білім және ғылыми вице-министрі Бибігүл Асылова Үкімет отырысында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан15 Қаңтар , 12:29

«2018 жылдың қаңтарынан бастап 1,2,5,7 сынып мұғалімдерінің жалақысы көтеріледі. 2018 жылдың  қыркүйегінен бастап  3,6 және  8 сынып мұғалімдерінің  жалақысы артады.  Одан әрі кесте бойынша  2019 жылдың қыркүйегінде 4,9,10  сынып  және  2020 жылы  11 сынып мұғалімдерінің  еңбекақысы артады», - деді Асылова.

Ол айтып өткендей, қосымша  ақы  Жолдауда көрсетілгендей жалақы көлемінің  30 пайызын  құрайтын болады. 

«Мәселен, 15 жылдық өтілі бар  бірінші санаттағы  ұстаздың жалақысы 24 мың теңгеге өседі», - деді вице-министр.

 

 

Ал, мұғалімдердің біліктілік деңгейі ұлттық бірыңғай тест арқылы анықталады.

« Ұстаздардың жалақысына үстеме ақы қосылады. Онда мұғалімдердің біліктілік деңгейі ескеріледі. Категориялар ұлттық біліктілік тест арқылы анықталады. Осы біліктіктілік деңгейінің расталуына байланысты мұғалімдердің жалақысына 20%-дан 50%-ға дейін үстеме ақы қосылады», - деді вице-министр.

 

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика