Ұлт жоспары 100 нақты қадам

«Самұрық-Қазына» қорында басқарушы директорлар саны екі есеге қысқарған

Басқарма шешімі бойынша «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры» АҚ жаңа құрылымы бекітілді.
Нұр-Сұлтан 15 Қаңтар, 19:18

Жаңа құрылымға сәйкес, басқарушы директорлар саны 10-нан 5-ке дейін, департаменттер мен құрылымдық бөлімшелер саны 37-ден 27-ге дейін қысқартылды және басқарма төрағасының орынбасары қызметіне бір штаттық бірлігі енгізілді.

«Құрылымға өзгерістер енгізу - басқарудың оңтайлылығын (мобильділігін)  және тиімділігін арттыру, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ трансформациясы процесіне терең үңілу, активтерді басқаруда сатылы құрылым енгізу және Қор құрамына кіретін ұлттық компаниялардың экономикалық тиімділігін арттыру міндеттемелері аясында қажет болды», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Жаңа құрылым ағымдағы жылдың 11-қатарынан бастап іске қосылады.





Яндекс.Метрика