Парламент

Әділет министрі Сот сараптамасын өтеу жүйесін дұрыс қалыптастыру туралы айтып берді

Әділет министрі Сот сараптамасын өтеу жүйесін дұрыс қалыптастыру және жетілдіру туралы Мәжілістегі үкіметтік сағатта Әділет министрі Марат Бекетаев айтып берді.
Нұр-Сұлтан15 Қаңтар , 12:03

Өз сөзінде Марат Бекетаев  министрлік  Елбасы Жолдауының тоғызыншы тармағының  негізгі бағыттарын ерекшелеп алғанын айтты.

Министр айтып өткендей, тапсырыс  пен сараптама қызметін төлеу жүйесі Қазақстанда тиімсіз  қалыптасқан.

«Қарама-қайшылықты  қалыптастырып отырған мәселе, сараптаманы бір орган тапсырса, төлемді екінші орган жасайды. Соттар мен құқыққорғау органдары артық сараптама белгілейді, ал аяқталған зерттеулер әртүрлі себептерге байланысты қажетсіз  болып қалады. Тергеуші ретіндегі   тапсырыс берушілер сараптаманың бағасын ескермейді. Шығындарға тәуелді емес бизнес үрдіс  экономикалық модель үшін тиімсіз», - деді М.Бекетаев.

Сондықтан да ведомство соттар мен зерттеушілер  жасалатын сараптаманың бағасын ескеретін жүйені кезеңдеп енгізуді қарастырып отыр.

«Бұл бюджеттік қаржыны есепті түрде қолданып, артық сараптама жасауды қысқартады. Бұл іске алғашқы қадам жасалды.  2017 жылы  Ішкі істер министрлігімен бірлескен келісім жасадық. Ол бойынша өзара тексеру жүргіземіз», - деді Әділет министрі.

Екінші бағыт сот сараптамасының пішініне байланысты болып отыр. Министрдің айтуынша, оның негізгі  тұтынушысы  мемлекет болып отыр.

«Бұл біздің ойымызша, дұрыс емес. Сарапшылық қызметің моделі  бірқатар  тапсырушыларды қажет етеді. Бұл  пішін бойынша қорғаушылар айтарлықтай рөл ойнайды. Сот сараптамасының  шынайы моделі айыпталушы тараптың сараптамасын қажет етеді. Ал қорғау тарапы  әлі айтарлықтай дамымаған», - деді ол.

М.Бекетаевтың айтуынша, жаңа мүмкіндіктер сот сараптамасындағы тараптар жұмысына оң әсер етеді.

Айта кетейік, осыған дейін министр  сот сараптамасы саласында келісімді жалақыны төлеу үлгісін енгізу мамандар проблемасының бірқатарын шешуге көмектесетіндігін айтты.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика