Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

Ақмола облысында бизнесті дамытуға болатын өрлеу нүктелері анықталды

Көшетауда облыс әкімі Қайрат Қожамжаровтың қатысуымен ҚР Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын талқылау бойынша облыстық актив өтті. Жолдауда инфрақұрылымды дамытудағы жаңа тәсілдің маңыздылығы атап айтылған, ол экономикалық өрлеу мүмкіндіктерін кеңейтуі қажет, жаңа бизнестерді дамытуға және жұмыс орындарын ашуға алып келеді. Облысымызда Астана қаласының қаламаңы аумағы, Шортанды-Бурабай демалыс аумағы, Степногор қаласы – өңірдің өндірістік орталығы мен облыс орталығы – Көкшетау қаласы осындай өрлеу нүктелері болып анықталды.
Ақмола20 Желтоксан , 00:00

Жаңа бағдарламалық құжатта келесі жылдың бірінші кезектегі міндеті экономикалық саясаттың жаңа қағидаларына көшуді білдіретін тегіс қамти алатын экономикалық прагматизм болып табылатындығы нақты белгіленгендігі белгілі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл кадрлық саясаттың, табиғи ресурстарды басқару жүйесінің, ауыл шаруашылығын жаңғыртудың, мемлекеттік активтерді басқару жүйесінің және макроэкономикалық құрамдастың түбегейлі жаңа тәсілдерін білдіреді. 2050 жылға қарай облысымыз өндірістік активтерін максималды жаңартып, бәсекеге қабілетті салаларды анықтауы және оларда біздің өндірушілеріміз үшін жаңа орындар табуы қажет. Отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы қажет, бизнес-қоғамдастық өкілдері бірыңғай экономикалық кеңістікте бәсекелесуді үйренулері керек. Бұл үшін экспортқа бағытталған шикізаттық емес секторды кеңейтуге сүйене отырып, жаңа өндірістерді дамыту қажет. Сондай-ақ үлкен және жауапты міндет – өңірдің аграрлық секторын дамудың сапалы жаңа деңгейіне көтеру, осылайша оның жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, бұл кеден одағы аясында, ал кейін ДСҰ-ға кіру кезінде елдің ықпалдасуы жағдайында ерекше маңызды. 

Жолдауда инфрақұрылымды дамытудағы жаңа тәсілдің маңыздылығы атап айтылған, ол экономикалық өрлеу мүмкіндіктерін кеңейтуі қажет, жаңа бизнестерді дамытуға және жұмыс орындарын ашуға алып келеді. Облысымызда Астана қаласының қаламаңы аумағы, Шортанды-Бурабай демалыс аумағы, Степногор қаласы – өңірдің өндірістік орталығы мен облыс орталығы – Көкшетау қаласы осындай өрлеу нүктелері болып анықталды. Аталмыш аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен біраз қаражат бөлінеді. 

Жаңа Жолдау тұрғысында өңірдің әлеуметтік саласы алдында қандай міндеттер тұрғаны жөнінде облыс әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбековтің баяндамасында айтылды. Актив барысында стратегиялық құжатты талқылауға сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдастық өкілдері қатысты. 

Қорытынды сөзінде Қайрат Қожамжаров Елбасының Қазақстан халқына жаңа Жолдауында айқындаған бағыты қойылған міндеттердің ауқымдылығымен және шамшылдығымен, халықтың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталғандығымен ерекшеленеді. «Елбасы қойған басты мақсат – Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бойынша үлкен және қызу жұмыс күтіп тұр Қазақстан әлемге табысты мемлекет ретінде танымал, енді біздің ортақ міндетіміз оны гүлдендіру болып табылады. Барлығы біздің әрқайсымыздың жауапкершілігімізге байланысты», - деп толықтырды өңір басшысы.




Яндекс.Метрика