Парламент

Әділет министрлігі сот сараптамасы саласында келісімді жалақы төлеу үлгісін енгізеді

Сот сараптамасы саласында келісімді жалақыны төлеу үлгісін енгізу мамандар проблемасының бірқатарын шешуге көмектеседі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының әділет министрі Марат Бекетаев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі үкімет сағатында хабарлады.
Нұр-Сұлтан 15 Қаңтар, 11:19

«Сот сараптамасы саласында келісімді жалақыны төлеу үлгісін енгізу мамандар проблемасының бірқатарын шешуге көмектеседі. Сарапшылар  – штаттағы қызметкерлер өз жалақысын жұмыс көлеміне және нәтижесіне қарамастан алады. Мұндай жағдайда мамандар жұмыс істеуге құлшынысын жоғалтады.  Жалақыны төлеудің жаңа үлгісі осал мамандарды  қысқартуға және нәтижелі жұмысшыларды алып қалуға көмектеседі», - деді министр. 

Ведомство басшысының айтуынша, тұрақты емес штат үлгісіне ауысу бизнес-процесстердің дамуына септігін тигізуде. Марат Бекетаевтың пайымынша, болашақта жалақыны бөліп төлеу жеке сот сараптамасын дамытуға көмектеседі.

«Осылайша біздің пайымымызша маман тапшылығы қанағаттандырылады. Сот процесіне қатысушылар сараптамалық түйіндемелерді түрлі дереккөзден  ала алады. Өз кезегінде, мемлекеттік сараптама күрделі және қайта сараптамаларға негізделеді», - деп түсіндірді Әділет министрлігінің басшысы.

Атап өтер болсақ, 2017 жылдан бастап Қазақстанда сот-сараптамалық жүйені «Сот сараптамалары орталығы» мемлекеттік кәсіпорнымен үйлестіріледі.

Жалпы, министрлікте Мемлекет басшысының Жолдауына және «100 нақты қадам» ұлт жоспарына сәйкес реформалар жалғасуда.

Аталмыш реформалардың мақсаты нарықтық жағдайда тұрақты болатын және тәуелсіздігі мен біліктілікті сақтап қалатын құрылымды құру.

   

Ақбота Күзекбай

Фото: Tengrinews





Яндекс.Метрика