Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

Елбасы стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырудың негізін ұсынып отыр – Кувейттегі Сингапур елшісі

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясаты көреген. Ол стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыратын негіздер мен алғышарттарды біледі. Бұл туралы Кувейттегі Сингапур елшісі, Таяу Шығыстағы Сингапур СІМ арнайы елшісі Зайнул Абидин Рашид ҚР Президентінің Жолдауы туралы пікірінде айтты.
Әлемде15 Қаңтар , 14:56

Ол айтып өткендей, сингапурлық тәжірибеге  сәйкес,  құндылықтар мен мақсатты анықтау қиын емес, алайда инфрақұрылым мен білім беру  базасын құру  үшін уақыт қажет.

«Алғашқы кезеңде барлық деңгейдегі басшылықтың негізі маңызды: саяси, әкімшілік,  білім, жеке сектор, қоғамдық топтар. Қазақстан ресурстарға бай ел, реформаларды жүзеге асыруда  сәйкесінше қаржы да қажет.  Президент Нұрсұлтан Назарбаев үшін  саяси және экономикалық сынақтар дәуірінде билікті келесі көшбасшылар  ұрпағына  кезеңдеп  табыстау үшін  реформаларды тұрақты жалғастыру қажет», - деді елші.




Яндекс.Метрика