Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

Студенттер альянсы: Жолдау- болашағымызды заманның ағымына қарай айқындайтын құжат

Бұл тарихи маңызды, болашағымызды заманның ағымына қарай айқындайтын құжат, деп Қазақстан студенттер альянсының өкілдері Жолдауға қатысты пікірлерін білдірді.
Нұр-Сұлтан15 Қаңтар , 13:32

Биылғы жыл елеулі, маңызды жаңалықтармен басталды. Мәселен, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуге кірісті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы жарияланды.Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды.

«Біз жастар, студенттер бұны ерекше абыроймен, өміріміздің маңызды бөлшегі ретінде қабылдаймыз. Онда жастарды жаңа технологиялық жағдайға дайындаудың маңызды шарттары айтылып, білім берудің жаңа сапалық көрсеткіштері айқындалды», - делінген Альянстың үндеуінде.

Елбасының заманауи даму жолдарын ескере отырып, қазақ тілінің өркендеуіне, рухани жаңғыруға, халықтың денсаулығын нығайтуға баса назар аударғаны – Қазақстан халқының жалпы ұлттық рухын арттыруға күш берді.  Сонымен бірге алдағыны болжап, ертеңгісін де оза ойлайтын, барша қазақстандықтарды, бүкіл мемлекетті әлемдік өркениетке жетелейтін, көреген Елбасы, саяси қайраткер, тарихи тұлға екендігін тағы бір дәлелдеді. 

«Сондықтан, Елбасының биылғы Жолдауы – заманға сай тарихи өрлеу дәуіріне бастайтын, барша қазақстандықтарды ортақ мақсат жолында жұмылдыратын, әрбір азаматты нақты іс-әрекетпен өсуге жетелейтін, біртұтас ұлт болу қадамымызды айқындайтын өте маңызды құжат. Оны жүзеге асыру әрқайсымызға, соның ішінде біздің Жастарға зор жауапкершілік жүктейді. Оны абыроймен атқару баршамыздың абыройлы міндетіміз», - деді студенттер.

 

 




Яндекс.Метрика