Энергетика

Қостанай облысының шалғай қыстауларына күн батареялары орнатыла бастады

Қостанай облысының қыстауларына жаппай күн батареялары орнатыла бастады.
Қостанай 16 Қаңтар, 09:11

20 жылдан астам уақыт бойы жарықсыз өмір сүрген фермерлер баламалы энергия көздерін пайдаланады, деп хабарлайды 24.kz.

Астанадағы ЭКСПО көрмесіне барған балалар мал шаруашылығымен айналысатын адамдарға олардың мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы айтып берді. Азамат Сарин өз қыстауын Торғай даласында орнатты. Бұл жерде мал жайылымына шөп пен су жеткілікті. Фермер сиыр мен жылқыларды өсіріп, әкесінің жұмысын жалғастыруда. Бірнеше жыл бойы отбасы жарықсыз өмір сүрді. Ең жақын деген елді мекенде, 9 шақырымдық жерде электр энергиясы бар. Күн панелдерін орнату идеясын EXPO көрмесінен бауыры айтып келген. Қазір барлық қиындықтар артта қалып отыр.

 «Бұрын үйде жарық болу үшін, қозғалтқышты үнемі іске қосуға тура келетін. Мұндай генераторлар бір жылдан астам уақытқа созылмады, үнемі бұзыла беретін. Күн панельдерін орнатқаннан бері, ешқандай қиындық жоқ. Теледидар көріп, әлемдегі оқиғалар туралы уақытылы білеміз. Баламалы энергия көзі үйге де, шаруашылыққа да жеткілікті. Қазір сүтті қайта өңдеу 2 есе аз уақытты алады », - дейді фермер Азамат Сарин.

Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары күн батареяларын енгізу үй шаруашылығының өмірін айтарлықтай жеңілдетіп отырғанын атап өтті.





Яндекс.Метрика