Өңірлер

Қостанай облысында тұрғын үй саны 35,9%-ға көбейді

Қостанай облысында салынған тұрғын үй саны 35,9%-ға көбейді, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.
Қостанай 15 Қаңтар, 11:52

Негізгі капиталға салынған инвестициялар бағалау есебімен 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда 199,4 млрд. теңгені немесе 2016 жылға 102,8% құрады.

Орындалған құрылыстық жұмыс көлемі бағалау есебімен 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда 82,2 млрд. теңгені немесе 2016 жылға 127,8% құрады.

«Қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы алаңы 264678 шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілді немесе 2016 жылға 135,9%», - делінген хабарламада.

2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыс кәсіпорындары қолданыстағы бағаларда 747,2 млрд. теңгенің өнімдерін өндірді (2016 жылы – 599,4 млрд. теңге). 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда нақты көлем индексі 2016 жылмен салыстырғанда 104,2% құрады.

2017 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымы 362,2 млрд. теңге (ағымдағы бағаларда) болды немесе 2016 жылға 103,5%, одан өсімдік шаруашылығы өнімі – 253,3 млрд. теңге (104,5%), мал шаруашылығы – 106,2 мрд. теңге (101,4%).

Фото: ашық дереккөздерден 





Яндекс.Метрика