Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

2018 жылы 500 мыңнан астам адам мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыспен қамтылды

2017 жылы Қазақстанда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жүзеге асырылды. Оны жүзеге асыруда бір жыл ішінде 573 мыңнан астам қазақстандық аталған бағдарламаға қатысты.
Казахстан 15 Қаңтар, 18:23

Мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмыс табуға талпынған азаматтар ішінде - 403 мың адам (70,4%) жұмыссыздар, 149 мың адам (26%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жатады, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

«Сонымен бірге 29 жасқа дейінгі қатысқан жастардың үлесі 42,5%, ал әйелдер үлесі – 49,2% болды.Бағдарлама аясында 315 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орындарына тартылды. 138 мыңға жуық адам жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары және қоғамдық бағдарламалар арқылы уақытша жұмысқа орналасты», - делінген  хабарламада.

Жалпы алғанда, 2017 жылы бағдарламаны іске асыруға 85 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылды.

Айта кету керек, 2018 жылы аталған бағдарлама шеңберінде 500 мыңнан астам азаматты қамту жоспарланып отыр.

 





Яндекс.Метрика