"Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы

Қарағанды облысында қоғамдық денсаулық сақтау қызметі жұмыс істейді

Қарағанды обысының әкімі Ерлан Қошанов медициналық-санитарлық көмекті дамыту бойынша тапсырмалар берді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды 15 Қаңтар, 10:14

«ҚР Президенті Нұрсұлтан назарбаев алдын алу шараларын үдету арқылы медициналық көмекті жақсарту бойынша нақты тапсырмалар қойды. Бізге алдағы уақытқа алғашқы медициналық-санитарлық көмекті әрі қарай дамытуға басымдылық жасау қажет. Отбасылық денсаулық орталықтарының желілерін дамыту керек, соның арқасында білікті көмекті тұрғындарға жақындатуымыз тиіс», - деді Ерлан Қошанов Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа мүмкіндіктерді дамыту» Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттер мен мақсаттарын талқылауға арналған актив жиналысында. 

Ол мысал ретінде Қарағандыда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде ашылған отбасылық денсаулық орталығын келтірді. 

«Бұл тәжірибені әрі қарай жалғастыруымыз қажет. Денсаулық сақтау басқармасымен және қала мен аудандардың әкімдерімен бір апталық мерзім ішінде обысымыздың аймақтарында отбасылық денсаулық орталықтарын дамыту бойынша егжей-тегжейлі жобалары ұсыналатын болсын.Облысымыздың барлық емханаларында қоғамдық денсаулықты қорғау қызметтерін, жастар денсаулығы орталықтарын дамыту қажет. Осы орайда Денсаулық сақтау басқармасына 1-ші ақпанға дейін Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құруды және кезең-кезеңмен барлық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында филиалдар ұйымдастыруды тапсырамын», - деп тапсырма берді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, облыста ғалымдардың қатысуымен онкологиялық дерттермен күрес бойынша жаңа Кешендік жоспар құрылатын болады. 





Яндекс.Метрика