Басқару

Ақорда Мемлекет басшысының АҚШ-қа жасаған алғашқы сапарының бейнежазбасын жариялады

Ақорда Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынасы туралы тағы бір видео жариялады.
Нұр-Сұлтан 15 Қаңтар, 09:46

Бейнежазбада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған алғашқы ресми сапары кезінде екі ел арасындағы бірқатар келісімдерге қол қойылған сәттер мен Президенттердің сөз сөйлеген кездері жазылған.

1992 жылы Қазақстан делегациясы Президент Джордж Буштың ресми шақыруымен АҚШ-қа алғаш рет ресми сапармен келді. Басшылар ел арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін негізгі құжаттарға қол қойды. Бұл сауда қатынастары, инвестицияларды сақтандыру, инвестицияларды қорғау туралы келісімдер.

«Біз бірлескен жұмыс жолындағы алғашқы қадамдарды жасадық», - деді Қазақстан Президенті.





Яндекс.Метрика