Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

Жолдау аясында Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулықты басқаруды күшейтеді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылға арналған денсаулық сақтау саласындағы басымдықтары жөніндегі алқасының отырысы болды.
Астана қаласы12 Қаңтар , 17:54

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева баяндамасында халықаралық тәжірибенің негізінде республикада аурулардың профилактикасы және  денсаулықты нығайту бойынша қолжетімді және тиімді тетіктерді құру мақсатына Министрлік Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құрғанын атап өтті.  Қызметтің жұмысы өмірдің барлық кезеңіне: сәбилерді вакцинациялау мен мектеп медицинасынан, саламатты мінез-құлықтан, экологиялық қауіпсіздіктен және жастар мен ересектердің арасындағы еңбек гигиенасынан бастап дұрыс тамақтану мен егде жастағы адамдардың созылмалы дегенерациялық ауруларының алдын алуға дейін бағытталған.

Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша дұрыс тамақтануды, спортпен шұғылдануды, ұрпақты болу денсаулығын, СӨС насихаттауды, дене белсенділігін қоса алғанда  қоғамдық денсаулықты басқаруды, саламатты өмір салтын дәріптеуді күшейту қажет.  Жастарды ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен нығайтуға ерекше назар аударған жөн.

«Мұндай жағдайда әрбір нысаналы топ үшін жеке тәсілді айқындау, сондай-ақ дене шынықтырумен шұғылдану үшін инфрақұрылым құру, қауіпсіз өмір мен еңбек үшін жағдай жасау және жастардың ұрпақты болу денсаулығын нығайту қажет», - деді Лязат Ақтаева.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының маңызды басымдықтарының бірі  мемлекет үшін аз тиімді және шығынды диспасерлеуден қашықтықтағы диагностиканы, сондай-ақ амбулаториялық емдеуді қолдана отырып,  негізгі созылмалы ауруларды басқаруға өтуді айқындады. Мұнда алғашқы медициналық көмек маңызды рөлге ие болуы тиіс.

«Бастапқы буынның медицина қызметкерлерінің міндеті – ауруларды ерте анықтауды қамтамасыз етіп қана қоймай пациенттермен бірлесіп халықтың денсаулығын да тиімді басқару. Соған байланысты біз «диспансерлеу» деген терминнен  амбулаториялық деңгейде созылмалы ауруларды басқару бағдарламасына кету бойынша жұмысты еңсеруіміз керек»,- деді вице-министр.

Қазақстан Республикасының Президенті үздік халықаралық тәжірибенің негізінде обырды жоғары тиімді ерте диагностикалау мен емдеу қамтамасыз етілуі тиіс екенін атап көрсетті. 

«Соған байланысты, біз ерте диагностикалау мен емдеуді, әсіресе амбулаториялық деңгейде  қамтамасыз етуге және қатерлі ісіктердің профилактикасынан бастап емдеуді жетілдіруге дейінгі іс-шараларды қамтуды көздейтін онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеуге мүмкіндік беретін   онкологияға жаңа жоғары тиімді технологияларды әкелуге тиіспіз»,- деп хабарлады вице-министр.

Оның айтуынша, ТМККК-ның жаңа үлгісі әзірленетін және МӘМС пакеті жетілдірілетін болады, ТМККК шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтердің пакеттерін жаңарту және мемлекеттің міндеттемелерінің нақты шегін айқындауды,  сондай-ақ ТМККК-ның медициналық көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтерді қайта қарау және оларды нақты шығындарға келтіруді көздейді.

«Қазіргі таңда әлемде, оның ішінде денсаулық сақтауда  инновациялық технологиялар тез дамуда. Заманауи технологиялар халыққа медициналық қызмет көрсету үлгілерін өзгертеді. Барлық өзгерістерге біз дер кезінде назар аударуға тиіспіз және азаматтардың қолжетімді және сапалы медициналық көмекке құқықтарын қамтамасыз етуге тиіспіз. Мұның барлығы бірінші кезекте заңнамалық актілерде көрсетілуі тиіс.  Соған байланысты,  денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру үшін Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында Үкіметке «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің жаңа редакциясын әзірлеуді тапсырды»,-деп түйіндеді  Лязат Ақтаева.    




Яндекс.Метрика