Президент Жолдауының міндеттері

Н.Әлмұхамедова: Жолдауда мемлекеттік саясаттың ғылымға бет бұруы көрсетілген

Жолдауда мемлекеттік саясаттың ғылымға бет бұруы көрсетілген. Бұл туралы «Парасат» жүйелі зерттеулер институтының жетекші маманы Найля Әлмұхамедова «Астана радиосының» тікелей толқынындағы «Стратегия» пікірталас клубының отырысында хабарлады.
Астана қаласы12 Қаңтар , 15:00

«Жолдауда адами капиталға қатысты міндетте негізгі үш салаға басымдылық берілген.  Олар - білім, денсаулық  сақтау және халықты әлеуметтік қамсыздандыру. Сонымен қатар, Президент бұл салаларды дамыту үшін  арнайы жолдарды және қаржы көздерін атап көрсеткен. Яғни, Жолдауда мемлекеттік саясаттың ғылымға бет бұруы керек екендігі көрсетілген», - деді  сарапшы.

Айта кетер болсақ, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген жетінші міндетте адами капитал – жаңғыру негізі деп атап өтілген.  

Естеріңізге сала кетейік, «Парасат» жүйелі зерттеулер институтының жетекші маманы Найля Әлмұхамедова өндірісті цифрландырудың нәтижесінде жұмыссыз қалған азаматтардың кәсіпкерлікке дең қоюына басымдылық берілуі керек деп хабарлаған болатын.

Мөлдір Асқарқызы




Яндекс.Метрика