Өңірлер

Ақмола облысында бірыңғай туристік байланыс орталығы ашылды

Ақмола облысының Бурабай ауданында «Бурабай Даму» ЖШС-нің бірыңғай ақпараттық-анықтамалық орталығы ашылды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.
Ақмола 12 Қаңтар, 19:24

Бүгін Бурабай демалыс аймағында белсенді демалыс өткізуді қалайтындардың барлығы қонақ үйлер, қолжетімді санаториялар, бағалар, қызметтер, ойын-сауықтар туралы қажетті ақпаратты 87788611828 нөмірінен таба алады.

«Мұндай мүмкіндік туроператорлар, қонақ үйлер мен туристер арасында үшжақты ынтымақтастыққа арналған. Сall-center орталығы тәулік бойы және тегін болады», - делінген хабарламада.

Бұл Бурабай курорттық аймағындағы, демалушылармен байланыс жасауға және туристерді жыл бойы демалысқа тартуға бағытталған алғашқы жоба.

Туристердің таңдауы баға мен сапаның ең жақсы орындарын анықтайды, ол сайып келгенде жергілікті туристік орындар арасындағы бәсекелестікті дамыту үшін катализатор болады. Болашақта бұл Щучье-Бурабай курорттық аймағында туризм индустриясын дамытуға ынталандырады.

Қызмет көрсету орталығы клиенттерге тиімді қызмет ету үшін құрылған. Ішкі және сыртқы қоңыраулармен және  халықаралық туристік нарықтардың туристік агенттіктерімен, көлік компанияларымен, мемлекеттік мекемелермен жұмыс жоспарлануда.





Яндекс.Метрика