Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

ҚР-да туризм ұлттық экономиканы әртараптандырудың драйверіне айналуы керек – сарапшы

Қазақстанда туризм ұлттық экономиканы әртараптандырудың драйверіне айналуы керек. Бұл туралы «Kazakh Tourism»ҰК»АҚ басшысы Рашид Күзембаев Мемлекет басшысының Қазақстан Халқына Жолдауына қатысты түсініктеме беру барысында хабарлады.
Астана қаласы 12 Қаңтар, 15:13

«Бүгінде әлемде туризм әр оныншы жұмыс орнын ашады және 800 млрд доллар көлемінде тікелей инвестициялар тартады. Қазақстанда туризм ұлттық экономиканы әртараптандырудың драйверіне айналуы керек. Мемлекет басшысы атап өткендей,  әр аймақ үшін табыстың бір көзі ішкі және табиғатқа шығу туризмді дамыту», - деді ол.

Ол еске салып кеткендей, саланың алдында еліміздің ЖІӨ-сін 8%-ға дейін көтеру міндеті тұр.

«Осы ретте, «Kazakh Tourism»ҰК»АҚ туризмді дамыту үшін Үкімет арнайы құрған ұйым ретінде елімізде саяхаттауды және инвестиция тартуды насихаттау үшін бірқатар шаралар кешенін ұсынатын болады», - деп уәде берді Күзембаев.

Оның айтуынша, компания елімізді аталмыш салада нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін заңнамаға өзгертулер енгізуді ұсынып отыр.

«Президент туризмді дамыту үшін шаралар кешенін жасақтауды тапсырды. Осы бағытта «Kazakh Tourism»ҰК»АҚ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп  заңнаманы жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді», - деп түйіндеді сарапшы.  





Яндекс.Метрика