Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Алматыда жаңа автобус маршруттары іске қосылды

Бүгін қалада сыйымдылығы шағын автобустар қатынайтын жаңа екі бағыт ашылды.
Астана қаласы 12 Қаңтар, 20:36

Алматыда көлік  реформасын және қоғамдық  көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде. Осыған орай, бүгін сыйымдылығы шағын автобустар қатынайтын жаңа екі №46  және №122  бағыттары ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Айта кетерлігі, Жетісу ауданы тұрғындарының кө өтінімдері бойынша № 46 бағыты ашылды, көлік .Первомайка ықшам ауданын – Универсалды базарды – Құлагер елді  мекенін – Жетісу аудандық әкімдігін – Белинский көшесін қамтып,«Алматы-1» теміржол вокзалына дейін барады. Бұл бағыт бойынша  жылжымалы состватың10 бірлігі қызмет көрсетеді, интервал арасы 10 минут. Болжамдағы жолаушылар легі -  тәулігіне 3000  адам.

Алатау ауданындағы Рахат және Мәдениет елді мекендері тұрғындарын көлікпен қамту үшін бұрын бір ғана автобус қатынайтын №122 бағытына  трассификация бойынша өзгеріс енгізілді, енді көлік мыналарды  қамтиды: Рахат, Мәдениет ықшам аудандары -  №196 мектеп - М.Шоқай көшесі - Орталық - ҮАК- Саялы – ХҚКО авто - Ақын Сара көшесі - Б.Момышұлы көшесі -  Универсиада көшесі -  Алатау ауданының  ХҚКО. Бүгіннен бастап бұл бағыт бойынша бес автобус жүруде,  интервалы 20 минут.

Еске салсақ, бұрындары Алматыда көлікті реформалау аясында №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа  автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта  жаңарып, №201 магистральды бағыт ашылған еді.

Жалпы, көлікті реформалау аясында Алматыда  биылғы жылы сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынған болатын, олардың 210– ы бағыттар бойынша жолда жүр, 180  жаңа автобус ақпан айының соңына дейін кезеңмен бағыттарға шығады.Жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алды,олардың 91 – і  қала жолдарында қызмет көрсетуде.

 





Яндекс.Метрика