Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

Кәсіпкерлер бүгіннің өзінде Жолдауды жүзеге асыруда – А.Мырзахметов

Кәсіпкерлер бүгіннің өзінде Жолдауды жүзеге асыруда. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов Мемлекет басшысының Жолдауын қолдауға арналған «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің ұлттық коалициясының отырысында хабарлады.
Астана қаласы12 Қаңтар , 13:25

«Елбасы осыдан екі күн бұрын халыққа Жолдауын жариялады. Онда өзін-өзі қамтитын ауылдағы азаматтарды кәсіпкерлікке тарту, рухани жаңғыру, прагматизм мақсатын қойған. Осы ретте, айтар кетер болсақ, өткен жылы біз «Бизнес бастау» жобасын бастап кеттік.  Еліміз бойынша 15 мың адамды оқыттық, оның ішінде 8 мыңы өз бизнес жоспарын қорғап шықты және 3 мың адам өз ісін ашты. Биыл 160 адам өңірлердегі аудандарда 30 мың адамды оқытамыз деп дайындалуда. Қуантатыны осы мәселені Елбасы өзінің халыққа Жолдауында атап өтті және оны «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы іске асыруда», - деді А.Мырзахметов.

Сонымен қатар, спикер отандық тауарларды экспортқа шығару мәселесіне тоқталып кетті.  

«Экспортқа келетін болсақ, біз осымен екінші жыл қатарынан Елбасының тапсырмасы бойынша экспорттаушылар арасында «Ұлы дала» байқауын өткізіп келеміз.  Болашақта біз жеңімпаздарды насихаттап қана қоймай олардың кәсібін одан ары дамыту үшін қолдау көрсететін боламыз», - деп түйіндеді А.Мырзахметов.     

Естеріңізге сала кетейік,  қоғам қайраткерлері Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы бойынша қазақстандықтарға арналған үндеу қабылдады. 

Мөлдір Асқарқызы




Яндекс.Метрика